Құбылыс бар – Марфуға Бектемірова

Бұл бетте «Құбылыс бар» атты Марфуға Бектемірова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1358
Елесіңмен, қоштасқанда өзіңмен,
Шығыс жақтан көгілдір нұр сөнбеген.
«Ұмытпаймын» дедің жалғыз сөзіңмен,
Бірақ өзім айтқаныңа сенбегем.
Берілетін өмір бар ма қосымша,
Бүгін-жақын, ертең-алыс, әрқалай.
Бұл дүниеде мен неліктен осынша,
Бір қателік жібергенмін байқамай.
Кейде өзім қайран қалам бірақ та,
Құбылыс бар өзгермейтін сол маңда.
Сол бір жерден ашылады кітап та,
Сол бір жерде тоқтағандай жылдар да.
Бар ғой мына сөздерде де терең мән,
Білмеймін тек қашан көзім жетерін.
Жүрек-тастан жаратылды деген жан,
Білген шығар оның оттан екенін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері