Аспан қызы – Айнұр Төлеу

Бұл бетте «Аспан қызы» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1966
Аспандағы ауылдың қызы,
Күліп жүргейсің жердің бетінде!
Жердің бетіне келдің бе түнде?
Пенденің киіп терісін.
Мен жазған жырды желдің өтінде
Оқып көр сәулеш,
Көзіңнен мұздақ ерісін!
Перизат – болмыс отқарағыңда
Орынсыз мұңның табы бар,
Өзіңе қарай оқталамын да
Қаймығатыным тағы бар.
Бейтаныс бейне
мейманы түнгі түсімнің
Түсімде тағы күрсіндің!
Түсінбей тілін тылсымның,
Алдыңда талай қымсындым!
Шарт емес шығар соңынан бару,
Аспанды мен де аңсағам.
Айдың нұрына шомылған ару,
Арзу айтпаймын мен саған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері