Бейімбет Майлинге (125 жылдығына) арнау – Айгерім Мүсілім

Бұл бетте «Бейімбет Майлинге (125 жылдығына) арнау» атты Айгерім Мүсілім жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Біздің қазақ бай ғой шіркін ақынға.
Ағартушы,жазушы мен батырға.
Соның бірі Бейімбеті қазақтың,
Аты мәлім барша әлем,жаһанға.

Келді өмірге Қостанайдың төрінде.
Бар естелік бізге мәлім бүгінде.
Жастайынан жетімдікпен күн көріп,
Сыр шертеді бала мұңы үнінде.

Өмірінде көрді талай құлдықты.
Өткеріпті күңдік пенен мұңдықты.
Алайда ешбір берілмеді сынаққа,
Әжесімен жұбанушы ед ол тіпті.

Солай өсіп Бимағамбет ер болды.
Бір халықтың тағдырына нұр болды.
Шұғаның белгісімен басталған.
Қалың елдің жүрегіне кеп қонды.

Енді дәйім ұмытылмас көктемі.
Еңбегімен әдебиеттің беттері.
Сауатсыздық жою болса ұраны,
Орындалды бүгін міне тілектері.

Оның сірә,еңбектері ғажап та.
Әр жолында жігерменен,қайратта.
Елдің қамын ойлап өткен Бейімбет
Дара екен мына біздей қазақта.


Пікірлер (2)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз , - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар. Енгізгенде - авторы өзім -деген белгі бар, соны басу керек(жазудың үстін). Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз.

Аружан

Керемет!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бейімбет Майлинге (125 жылдығына) арнау өлеңінің авторы кім?

Айгерім Мүсілім — осы өлеңнің авторы.

Бейімбет Майлинге (125 жылдығына) арнау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бейімбет Майлинге (125 жылдығына) арнау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айгерім Мүсілім өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бейімбет Майлинге (125 жылдығына) арнау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар