Майшам – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Майшам» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 937
Өртеніп жатыр өзегі
Күйдіріп жүзін ыстық жас.
Лапылдап жанып бітуге
Ден қойған сынды, ықылас.
Алау ақ сәуле төгеді,
Маңайы толы шұғыла.
Қайсарлық, мынау қайратқа
Бас исе болар жығыла.
Ойласақ майшам осынау
Ғибрат сынды адамға.
Шақ өмірді дейтіндей
Лапылдап жанып тәмәмда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері