Өлең, жыр, ақындар

Сүйремеші биіңе, жырды ғайып

  • 14.06.2021
  • 0
  • 0
  • 790
Сүйремеші биіңе, жырды ғайып
танымасаң, тақпашы құрбыңа айып.
Қоңыр ағаш түбінде қоңырайып
алайыншы деп едім бір мұңайып.
Кетіп ем мұңға мойын бұрмай бүгін,
туған сіңлісі екен ғой жыр қайғының.
Қоңыр кеште қоңырқай бұлт астында
алайыншы оңаша бір қайғырып.
Қол ма мерген, білмеймін, сөз бе мерген,
көздеймін деп мақсатты көз көгерген.
Сәтсіз жырым, ойға орал,
есіме түс,
көрген кезім қиянат өзгелерден.
Жібек-сөзден шашпау - жыр өргенде өзім,
есіме түс, жұртқа ұпай берген кезім.
Есіме түс, ұйқысыз тозақ-түнім,—
достарымнан осалдық көрген кезім.
Сүйремеші биіңе, жырды ғайып
танымасаң, тақпа құр құрбыңа айып.
Бармақ-бұлтқа басымды сүйеп қойып,
алайыншы оңаша бір мұңайып.
Жатырсың, күн, бірің кеп, бірің кетіп,
жаныма еріп жүр жырым, жүр "індетім".
Уақыттың саусағы ілді дәйім
менің сезім-ішегімді дірілдетіп.
Жетістігім мінімді жүр індетіп,
мен жетпеген жеріме сырым жетіп.
Жазғаныма ескі ырғақ тарлық етті,
аяғыма тар келді бұрынғы етік.
Көңіл байғұс жүр, әттең қырын кетіп,
кетейінші десем бір дүрілдетіп.
Қызығынан жастықтың ерте айрылдым,
ермегіне егденің бұрын жетіп.
Тербегенде жыр деген қара бесік,
жатып алды ақыл мен ар егесіп.
...Сенің әлсіздігіңді білген сайын
менің күшім еселеп барады өсіп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сыңсиды орман сағада...

  • 0
  • 0

Сыңсиды орман сағада,
Сағада құстар мекені.
Шүйіліп көлге шағала
Көтеріліп кетеді –

Толық

Ырым

  • 0
  • 0

Ырымшыл ма,
Құдайшыл ма сол кісі?
Жақын ұғым алдыңғысы, соңғысы:
ырымшылдық — қараңғылық деп ұқтық,

Толық

Бұл не саған! Түк емес...

  • 0
  • 1

Бұл не саған! Түк емес,
Шындық емес, сыр емес.
Көргендерің өңіңде,
Түсте көрсе – бір елес.

Толық

Қарап көріңіз