Дедің бе екен? – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Дедің бе екен?» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 747
Алма-кезек дүние
салтын ұқсын дедің бе?
Алды-артыңды бағамда,
жарты міскін, дедің бе?
Жыласын да жұбанып,
қайта күлсін дедің бе?
Иманыңа саламат
айта жүрсін дедің бе?
Тірлігінде жан-жағын
парықтасын дедің бе?
Жақсылықтың өзінен
жалықпасын дедің бе?
Қайғыны да әл барда
көтере алсын дедің бе?
Құбыласын танысын,
Төте барсын дедің бе!
Ерте кеттің жарқыным,
ерте кеттің шуақты!
Бұлт бүркеген сұр аспан
нөсерімен жоқтасып,
жасынымен ұшықтап,
күкірімен жұбатты!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері