Аппақ бақбақ – Бейсебай Кірісбаев

Бұл бетте «Аппақ бақбақ» атты Бейсебай Кірісбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.06.2019
  • 0
  • 0
  • 4955
Көрдім мың-мың бақбақты,
Бақ ішіне қаптапты.

Аппақ ұлпа тұр ұнап,
Кенет бірін жұлып ап,

Жетпейтіндей батылым,
Үрледім мен ақырын.

Ұшты ұлпалар жан-жаққа,
Жоқ өзінде салмақ та.

Қолымдағы бақбағым
Болып қалды шап-шағын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері