Жау, жаңбыр! – Бейсебай Кірісбаев

Бұл бетте «Жау, жаңбыр!» атты Бейсебай Кірісбаев жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 23.06.2019
  • 0
  • 0
  • 5291
Жауа берші, жау, жаңбыр,
Дала көркін жандандыр!

Жауа берші, жау, жаңбыр,
Қаулап өссін алуан гүл!

Жауа берші, жау, жаңбыр,
Әрбір тамшың – тамған нұр!

Әрбір тамшың – маржан дән,
Асып жатсын қамбамнан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері