Өлең, жыр, ақындар

Миллион жылдар елестеп

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 615
Әулие Бекет мешіті
Үш жүзге жуық шақырым.
Бір түнеп қайтпақ ойы бар
"Әуейі-ақын" пақырың.
Жол ауыр, елсіз, ен дала,
"Аллалап" іштей, жасырын.
Ұшпадан жүрек сескенсе
Қояды қысып тақымын.
Қинала көлік күшеніп
Іздейді жолдың тақымын.
Кібіртік қағып, тулап ап,
Жол ұтар жылжып ақырын.
"Шақпақты" деген қия-құз
Сынайды жігіт батырын.
Санада сансыз ой туып,
Шақырып сонда жатыр үн.
Аңғарлар ашып аранын —
Ғасырлап жұтқан мезгілді.
Сәукеле төбе сұқтанса —
Сүйсіне сәнге көз күлді.
Пішіні дала сәт сайын
Қақтыра таңдай өзгерді.
Қара тау, ақ шың, құм, сор, сай,
Бәрі де бізге кез келді.
Толғанта алмас бұл сезім,
Сезімнен жаны безгенді.
Мейірлі қазақ даласы,
Жатсынбас дала кезгенді.
Бауырға басар жат көрмей,
Ыстыққа, суық төзгенді.
Қазақтың қандай екенін
Бағалар әділ безбенді.
Таңбалар тұнған жартаста,
Құйын боп ойда елес тек.
Секунтқа сыйып зырлайды,
Миллион жылдар елестеп.
Сұлу-ау Ақтау әжіммен,
Өрнегін салған жел ме екен?
Қаратау қартың еңсесіз,
Мүжіген қайғы, шер ме екен?
Аңғар-сай анау, жер жарған
Арқырай соққан сел ме екен?
Аңыздан аспан жаралған,
Жаттайды бәрін "ел-көсем".
"Меңіреу болса ен далаң Күнәлі өзің" —
Сен де сен. Жайнайды дала тер төгіп,
Күректен шошып безбесең.
От пенен оққа шыдаған,
Айналдым сенен Жер-мекен!
Періште ойы осы сөз,
Нанбашы айтқан мен десем.
Әлемді шарлай із салған,
Қайран да менің бабам-ай!
Көшпелі десе арланған,
Мәңүрт боп туған балаң-ай!
Өшірмек болған атыңды,
Қатыгез қандай заман-ай!
Заманды күнде құбылтқан
Мінезің түлкі Адам-ай!
Адастың қырын, кер кетіп
Бағытқа баспай қадам-ай!
Орнатса шіркін бір белгі
Қазағың, бабам, саған-ай!
Бауырды баспай бауырға,
Қайтейін сені санам-ай!
Ұмтылмай қойдың бірлікке
Қайран да менің бабам-ай!
Ен далам менің, шексізім,
Белестен кейін белес тек.
Бабамның әрбір күмбезі,
Таж-Мақал сынды елестеп.
Ертеңгі күнің не болмақ,
Ата мен іні егессек.
Сыйламай өтсең ағаңды,
Дұшпаның сырттан не деспек.
Күлтөбе басы, шіркін-ай,
"Ел қамы" десіп кеңессек.
Бір жеңнен қол шығарып,
Қарындас қамын жеп өссек.
Мақтансақ соған ағайын!
Шаттансақ соған қарындас!
"Мен қазақ" деген халықтың,
Айдардан аңқып жел еспек!

7.10.2004 жыл.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бар сырым

  • 0
  • 0

Ұлғайып жасым ұстаған едім қаламды,
Бір жырлап берсем, дедім бе, маңғаз, даламды?
...Сорлаған халық демеші, шырақ, тегіңді,
Тексіздік, сірә, жамандықтан да жаманды...

Толық

Бәсеке

  • 0
  • 0

Атағының жаны ашып жабысына
Қазақтар жүр жарыста сағы сына.
Арғымағын оздырып ағылшынның
Бiр қазақ жүр мастанып табысына.

Толық

Әлі өтеген жоқ едім қарызымды

  • 0
  • 0

Ұрандатсақ жас кезде – маздайықшы,
Көңiл қайтқан мiне ендi, жаз тайыпты.
Жалыны жоқ, жүректе шоғы қалған,
Көкiректе қоздайды саз байыпты

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар