Мажыра шақ

Бұл бетте «Мажыра шақ» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 926
Сал жеңгенiң қойынындай
Қайнап тұрған құшағы.
Ыстық шағыл, пейiл қандай,
Мейiрлене құшады.
Жатсаң ерiп мажыра шақ,
Сәске түсте балбырап.
Қаласың-ау қалжырап-ақ,
Бал сезiмге албырап.
Сырлы шағым, шалқы тағы,
Шақыр, сезiм жетегi.
Қорғасындай балқытады
Ару жаздың төсегi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мажыра шақ өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Мажыра шақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мажыра шақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мажыра шақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері