Бабам салған ән-сарын

Бұл бетте «Бабам салған ән-сарын» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.04.2021
  • 0
  • 0
  • 1133
(Нұрғиса Тілендиевке)

Асаулау бұл ағаның әні тентек
Жатыр ма буырқанып, жаны, сенсек
Толқиды күй мұхиттай көкірегі —
Солай деп, Нұрекеңді, таны сен тек.
Ұмытып қасымдағы "аңсарымды",
Тыңдаймын бабам салған ән-сарынды.
Жан жібіп, тән балқыса, сезім — мейір,
Жіберді жұмақ қылып "қаңтарымды"
Құямын жүрегіме ерке мұңын —
Мына кеш неге сонша келте бүгін
Үлгердім табиғаттың танып бірақ,
Сыр айтқан Нұрекеңе еркелігін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бабам салған ән-сарын өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Бабам салған ән-сарын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бабам салған ән-сарын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бабам салған ән-сарын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері