Тасиды теңізім – Аманқос Ершуов

Бұл бетте «Тасиды теңізім» атты Аманқос Ершуов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1040
Мен теңізбін әлі бір тасымаған,
Шар болатпын мұқалып жасымаған.
Қасиетті қаламын қалдырыпты
Қарай-қарай артына Қасым ағам.
Аруағын пip тұтқан аға ақынды —
Риза қып қомдадым қанатымды.
Жырымның сырлы сазын тыңдатамын,
Ұйқысынан оятып қара түнді.
Мың әуенмен жаныма бойлап алған,
Көкіректе салады ойнақ арман.
Жанартаумын әлі бір атылмаған,
Атылмаған, атуға жақындаған.
«Тауға шығып, қараймын кең далама»,
Табиғаттың бар сыры ақыл маған.
Келер жылдар жұлдыздай ағып өткен,
Кеудем тасыр таситын шағы жеткен,
Сонда менің сімірер толқынымды
Сары дала сағымды қаны кепкен.
Ағар едім тау-тасты басып өтіп,
Бір өзімді бір бөлек ғасыр етіп.
Бақытыммен байыған сол шағымды,
Көрсе деймін анамның жасы жетіп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тасиды теңізім өлеңінің авторы кім?

Аманқос Ершуов — осы өлеңнің авторы.

Тасиды теңізім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тасиды теңізім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Аманқос Ершуов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тасиды теңізім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері