Ұстазым – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ұстазым» атты Абдрахман Асылбек жазған ұстаз туралы өлең берілген.

  • 02.08.2019
  • 0
  • 1
  • 17305
Ұстазым, арманымның белесі едің,
Мен бүгін өзіңменен кеңесемін.
Әдеппен «Әліппені» үйретпесең,
Әдепті адам болдым демес едім.
Ұстазым, арманымның белесі едің,
Көк сүйген тауларымның төбесі едің.
Алдыңда ақыл кені ақтарылып,
Дария даналармен теңесемін.
Ұстазым, арманымның белесі едің,
Қызықты күндерімнің елесі едің.
Алуын алдым сенен алуымша,
Еліме ұшан-теңіз берешегім.
Ұстазым, арманымның белесі едің,
Самғайтын қиялымның кемесі едің.
Өмірлік өзің берген өнегеңмен
Күлімдеп қарсы алады келешегім.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Фариза

Маған Устазым деген олены катты унайды

Осы автордың басқа өлеңдері