Құдайды ізде – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Құдайды ізде» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 667
Талғанда белің налыма, қалқам, ауырдан
Торықпа, тіпті қорықпа ешбір дауылдан.
Әділет ізде, Құдайды ізде қашанда,
Қалғанда көңіл қастыққа кеткен жауыңнан.
Құдайды ізде шапағат нұрдың ішінен,
Құдайды ізде жаратылыстың күшінен.
Құдайды ізде ғажайып құбылыстардан,
Бәрі де Алла ісі деп өзім түсінем.
Іздеші, ізде қайырымынан жандардың,
Алғысқа лайық адамдар барын аңғардым.
Куәсіз, пәкті періште деп те атайды,
Аты да солай өзіңді сүйген жан жардың.
Іздеші, ізде ізгілік деген қауымнан,
Жақсылар үшін аумайды жат та бауырдан.
Айналайындар, алмашы атақ қауіпті —
"Қатігез" деген емі жоқ дертпен ауырған.
Құдайды ізде! Тіректі содан табарсың,
Сенбесең хаққа — сергелдең болып қаларсың.
Іздеші мейір, ізгілік сіңген жүректен,
Бәрін де бәрін сол жерден тауып аларсың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құдайды ізде өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Құдайды ізде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құдайды ізде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құдайды ізде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері