Тауық тағы таң атпай айқайлады – Әбіш Кекілбаев

Бұл бетте «Тауық тағы таң атпай айқайлады» атты Әбіш Кекілбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 34791
Тауық тағы таң атпай айқайлады,
Тарап кетті тәтті ұйқы балқаймағы.
Көзімді ілмей төсекте дөңбекшимін,
Түседі де ойыма қай-қайдағы.
Үлкейгем бе, күніне жүз ойланам,
Ажал шіркін кіжінген ұдай маған,
Жебеп бақты әрдайым ата-бабам,
Оң қарапты әуелден құдай маған.
Құдай маған әуелден қарасқан-ды,
Қарасқасын - тірлікке жарасқамды,
Жараспасам - шалқайып жүрер ме едім,
Тастайтындай төңкеріп бар аспанды.
Жүрер ме едім шіреніп, басқа болсам,
Соры аумаған маңдайдан қасқа болсам,
Жетер ме едім бұл күнге, жетпес пе едім,
Жауқазындай жайнамай жастай солсам.
Солатындай басымнан шақ өтіпті,
Алды-артыма қара ертпей, тақ етіпті.
Бұл дүниеден із-түзсіз өтер ме едім,
Сабырымды сарқылмас саба етіпті.
Сабырымның сабасын сарықпаппын,
Сабырға еріп ақ жүріп, анық бастым.
Сағат сайын санамды сабыр билеп,
Ауыз ашсам, "сабыр" деппін, жалықпаппын.
"Сабыр, Сабыр!" - айтарым сасқанда да,
"Сабыр! Сабыр!" - айтқаным тасқанда да .
Сабырды ойлап, сақ жүріп, сақтап қалған,
Тағдыр талай құрылған қақпаннан да.
Сасқанда да сақтаған сабыр, сабыр...
Тасқанда да сақтаған сабыр, сабыр...
Сабыр сақшым болмаса, кім біліпті
Әлдеқашан жұтар ма еді аран қабыр.
1999.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тауық тағы таң атпай айқайлады өлеңінің авторы кім?

Әбіш Кекілбаев — осы өлеңнің авторы.

Тауық тағы таң атпай айқайлады өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тауық тағы таң атпай айқайлады өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбіш Кекілбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тауық тағы таң атпай айқайлады өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері