Уақыт босқа ақпайды – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Уақыт босқа ақпайды» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2181
Ырғалады, качалка ырғалады,
Ырғалады, бір нәзік сыр қалады.
Жер астында жасырын тұнған мұнай,
Жүрегімнің жасырын тұнған әні.
Асқақтайды мұнара асқақтайды,
Асқақтайды батырдай қас қақпайды.
Ескерткішке осындай бір белгісін,
Қалдырады уақыт босқа ақпайды.
Нәр аламын туған жер ақ таңыңнан,
Ақ таңыңнан бұлбұлды бақтарыңнан.
Қазаныңа сыймаған мұнай құсап,
Қашан болсын мен де бір ақтарылам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері