Абыл мен Балдай қыз

Бұл бетте «Абыл мен Балдай қыз» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.01.2018
  • 0
  • 0
  • 2345
Басын иген бай, батыр, ақымағың,
Маңғыстау ақиығы – ақын Абыл.
Айтыста жеңiлiптi Балдай қыздан, -
Бұлбұлынан далалық сахнаның.
Бiр емес, жеңiлiптi бiрнеше рет,
Жүректерден шалқыған үндесiп от.
“Қызыл тiлдiң қылышы дүр ақынның”, -
Таңданыпты қалың жұрт:
- “Бұл несi?”, - деп!
“Жазайыншы дертiмнiң сыздатқанын,
Қалмау үшiн тамырда мұздап қаным”, -
Дедi ме екен,
Ұзатылып кеткен қызды,
Жеңiлiптi тағы бiр iздеп барып.
Кей сөз – бақыт,
Кей сөзден басы кетер,
Ақын өмiр – дария тасып өтер.
Он сегiзде бүр жарған Балдай қызға,
Өйткенi: кексе жырау ғашық екен.
Сол ғой жанын түсiнiп, ұғатын да,
Тұңғиықтан сол алып шығатын да.
Шын ғашықтың алдында жеңiлу – шарт,
Лебiзiне елтiген шын ақынға.
“Отырған қарсы алдымда Балдайымыз,
Бал татыр жесе шекер таңдайымыз”.
Ақын жүрек қашанда ғашық болғыш,
Бiздiң де болар ондай-ондайымыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Абыл мен Балдай қыз өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Абыл мен Балдай қыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Абыл мен Балдай қыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Абыл мен Балдай қыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері