Қызығамын ғашық болған қос гүлге – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Қызығамын ғашық болған қос гүлге» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4370
Қызығамын ғашық болған қос гүлге.
Ғашықтарда болмас кейде ес мүлде!
Елу жылды сыйғызады махаббат
Бес-ақ жылға, –
Бес жылың не! –
Бес күнге!
Жас кезінде бұзып аққан арнаны
Бір бақыт қой — кім-кімнің де арманы.
Жарты сағат көтерілген рухың —
Жарты ғасыр өміріңнің бар мәні!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері