Жалқаулық

Бұл бетте «Жалқаулық» атты Ғайникамал Сәдуақасова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жалқаулық

Не істеп жүрмін, неғылған адам едім?
Өз-өзімді аяймын жаман жерім.
Қолды сілтеп жатамын айға қарап,
Бір талайға жетседе шамам менің.

Жалқаулығым тұрғанмен жолды бөгеп,
Қимылдауға табылмас онды себеп.
Ертең, ертең дейімінде құтыламын,
Ертең маған келердей соңғы көмек.

Уақыт шіркін бірдей боп өтетіндей,
Есінеймін ғажайып күтетіндей.
Күнтізбеден бос күнді қарап қоям,
Барлық шаруа сол күні бітетіндей.

Мың ойланып жатқанда баспай қадам,
Секілденед(і) жұмыстар аздай маған.
Көресіңдер бір күні ерінбесем,
Бұл әлемді өзгертіп тастай салам!

©️ Сәдуақасова Ғайникамал


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалқаулық өлеңінің авторы кім?

Ғайникамал Сәдуақасова — осы өлеңнің авторы.

Жалқаулық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалқаулық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғайникамал Сәдуақасова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалқаулық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер