Сенсіз – Құралай Омар

Бұл бетте «Сенсіз» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1560
Қара түн құшағы,
Қамығып тағы да жалғыздық жастадым.
Келген ед жаңа өмір бастағым.
Жылытсаң деп едім жанымды,
Күйдіріп тастадың.

Өрт шалған қанатым ұшуға жарамай,
Қанша рет құладым биіктен.
Жыладым,
Жүрегім шырылдап күйіктен.
Қош дедім қия алмай,
қасыңда қалу мұң.
Дәл бұлай өртеніп сүйіп пе ем.

Ақ боран, адасып қалдым ба елсізде?
Білмеймін, бұл дертім емсіз бе?
Реңсіз күндерім... сүре алар емеспін
Сенімен бірге де... сенсіз де.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері