Жарығыңды, жылуыңды ұсын, Күн! – Құралай Омар

Бұл бетте «Жарығыңды, жылуыңды ұсын, Күн!» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1637
Жарығыңды, жылуыңды ұсын, Күн!
Тағдыр деген – үзігі екен түсімнің.
Мен өмірге келген жоқпын, расында
Өмір маған келгендігін түсіндім.

Көктем келер, жаз жетеді, күз өтіп,
Қар астында қалтыраймыз сыз өтіп.
Көз ұшында дөңгелейді дүние
Мен өмірді, өмір мені түзетіп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері