Өзімнің жолымды қанша рет бөгедім?! – Құралай Омар

Бұл бетте «Өзімнің жолымды қанша рет бөгедім?!» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1260
Өзімнің жолымды қанша рет бөгедім?!
Өзіңді жазғырып, өзімді сөгемін.
Жүректен мөлдіреп үзілген сөздерді
Амалсыз
Төртбұрыш қағазға төгемін.

Алыста армандар, аспанда ақ үміт.
Қиялдың ақ күміс қанатын тағынып,
Ұшуға қорықтың,
Жердегі
Төртбұрыш заңдарға бағынып.

Естілмей құс үні, жаңбыр мен қар әні,
Төртбұрыш телефон жалғамай араны,
Жанымды мұздатып...
Төртбұрыш бөлмеде
Дүние дөңгелеп барады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері