Табылмай жанымның тұрағы – Құралай Омар

Бұл бетте «Табылмай жанымның тұрағы» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1254
Табылмай жанымның тұрағы,
Таусылмай тағдырдың сұрағы,
Жып-жылы сәттерді қия алмай,
Көзіме ыстық жас тұнады.
Мен үнсіз күрсіндім
Көлеңкем
"Кетпе" деп жолыңа құлады.
Жата қап жылады иегі кемсеңдеп,
Мың мәрте оқталды өзіңе ерсем деп.
Аяққа жығылып, жалынды содан соң
"Қайтадан айналып келсең" деп
Көрсем деп тағы да...
Өзгерді мекенің.
Қай кезде, қай күні, қалайшы жетемін?
Кеткелі күй осы...
Сездің бе,
Құлаған көлеңкем - жылаған жүрегім екенін?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері