Көз жасымнан дымқыл тартқан күз демі – Құралай Омар

Бұл бетте «Көз жасымнан дымқыл тартқан күз демі» атты Құралай Омар жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 02.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1101
Көз жасымнан дымқыл тартқан күз демі,
Халімізден хабарсыз-ау біздегі.
Сен келердей терезеге қадалып,
Қарашығым неге сені іздеді?

Өмір неге бізді осылай сынайды?
Бөлмеде мен, далада күз жылайды.
Үмітімдей жүрегімнен үзілген,
Жанды ауыртып, жапырақтар құлайды.

Жанарымда дірдектейді дана күз,
Жетім көңіл, жоқ сияқты панамыз.
Адасатын бір-бірінен жел тұрса,
Біз екеуміз жапырақтар ғанамыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көз жасымнан дымқыл тартқан күз демі өлеңінің авторы кім?

Құралай Омар — осы өлеңнің авторы.

Көз жасымнан дымқыл тартқан күз демі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көз жасымнан дымқыл тартқан күз демі өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көз жасымнан дымқыл тартқан күз демі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері