Жайық деген жанды су – Ақтан Керейұлы

Бұл бетте «Жайық деген жанды су» атты Ақтан Керейұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 13765
Жайық деген жанды су,
Көзі қара қанды су.
Біздің жүрген жеріміз
Күнде базар, күнде су.
Мен сүргіннің сойымын,
Арқалы жерде шапқандай.
Ойпаң жерде сортақ бар,
Жабыдан туған қорқақ бар.
«Сөйле!» десең, жыршыңыз
Алдарында жортақтар.
Туған айға ат берген.
Ақ қағазға хат берген.
Екі ерін, тіл, таңдай.
Сөйлесін деп жақ берген.
Шықпай отыр домбырам,
Сырылдап мұның қақпағы.
Айтқан сөзге түсінбес
Адамның мисыз ақымағы.
Домбырам отыр қағылып,
Он екі перне, екі ішек
Бауырына тағылып,
Қоянға қосқан тазыдай
Бүктетіліп жазылып.
Тыңдасаңыз сөзімді
Осы араға келгенің,
Әдептен құр қалмассың
Үлкенге сәлем бергенің.
Түрлі - түрлі өлең бар,
Айта берсек, өнер бар.
Түсінетін адамға
Ретін айттым терменің.
Ұядағы балапан
Ұшатын күні болғанда,
Қанаты әбден толғанда,
Істейді о да көргенін.
Жолдас болсаң жақсымен,
Дұшпаныңды жеңгенің.
Адамдықтың белгісі -
Біріңе бірің сенгенің.
Құлағынды сал, жігіттер,
Жарлымын деп мұғайма,
Жеті мүшең сау болса,
Құдайдың сол бергені.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жайық деген жанды су өлеңінің авторы кім?

Ақтан Керейұлы — осы өлеңнің авторы.

Жайық деген жанды су өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жайық деген жанды су өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақтан Керейұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жайық деген жанды су өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері