Қайтіп келем?

Бұл бетте «Қайтіп келем?» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3652
Қырдан төмен ағып келем,
Қыраудан гүл тағып келем.
Қалтарыста қалт-қалт етіп,
Кездескенді қағып келем.
Қырдан төмен зулап келем,
Қос жанарды сулап келем.
Қанат болып желде етегім,
Қар үстінде тулап келем.
Аяқ-қолым талып келем,
Ауыл жаққа салып келем.
Бір пар жаңа шаңғымды енді
Екі пар ғып алып келем! 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайтіп келем? өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Қайтіп келем? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайтіп келем? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайтіп келем? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері