Ақын — батыр – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Ақын — батыр» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 3303
І
Отырды ақын ойға батқан
Өлең мен жыр толған үйге,
Ұшқыр қиял қанат қаққан
Тыңнан дастан көтеруге.
Жазған сайын төгіледі
Жанды сөз бен жалынды ырғақ,
Жырға қағаз көміледі
Тынбай қалам жортуылдан,
«От пен оққа қарсы шапты
Ойрандады жау қамалын.
«Отан үшін!» - деді қатты,
Ойламады аққан қанын».
Жазды осылай орта шенде
Поэманың бір шумағын...
Жедел бұйрық жетті демде
Жаза алмады арғы жағын.
II
Бет күйдірген удай аяз,
Белшеден қар омбылатқан,
Бүркеулі мин, бөгеген мұз
Бейне қақпан - жолда жатқан.
Басты ілгері қызыл ерлер,
Бас тартпады жау тараптан.
Бомбаменен ашылды жол.
Жау қамалын аспанға атқан.
Жол салады тыңнан жара
Жүректі ақын салған жанын.
Жүргендей ол жазып мұнда
Поэманың соңғы жағын.

1940


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақын — батыр өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Ақын — батыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақын — батыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақын — батыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері