Інілерге – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Інілерге» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.03.2019
  • 0
  • 0
  • 3307
Қартайдық - ау, құрбылар, бәріміз де,
Тек мейірімді болсын жас кәрімізге.
Шаш буалдыр, көз бұлдыр тартса – дағы
Жүрек оты өшпейді әлі бізде.
Сол жүрекпен, сол отта кеудедегі
Жылылықтың болған жоқ шет пен шегі.
Жылыттық қой қаншама замандасты,
Жұбаттық қой қаншама көзі жасты.
Сүйсек сүйдік, шын сүйдік құбылмадық,
Көлеңкеге, күңгіртке тығылмадық.
Арымызды аяулы таза ұстадық
Олжа қуып, оңайға тығылмадық.
Әкемізді сүйедік, құлатпадық,
Шешемізді өксітіп жылатпадық.
Ұл өсірдік, өрімдей қыз өсірдік
Орнымызға не боп тұрақтарлық.
Орным мынау, қабыл ет, жас ұрпағым,
Менің өмір сүргенім - сенің бағың.
Мені бүгін сүйейтін енді өзіңсің,
Кәрі сыйлар сенің де келді шағың.
Сыйламасаң өзің біл, ерік өзінде,
Ескертпеді демессің дер кезінде,
Өлгенімше өкінбей жасай берем,
Жасықтық жоқ жалтақсыз мінезімде.
Кәрі емендей құлармын күндерде бір,
Жұмылар көз, бітер дем, тоқтар өмір,
Маған десең одан соң отын қып жақ
Арты өзіңе әйтеуір соқсын жеңіл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Інілерге өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Інілерге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Інілерге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Інілерге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері