Қан тамырлар – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Қан тамырлар» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2541
Баллада

Тарам-тарам қан тамырдай,
Ертелі-кеш соққан тынбай,
Телефонның сымдарынан
Дамыл алмай жүргендей қан,
Бір ауыз сөз кетпей текке,
Жетсе бәрі зеңбірекке:
Батарейден от жалақтар,
«Жау қайдалар» снарядтар!
Жаудың оты жалмаң қаққан,
Зеңбіректен, минометтен,
Күркіреді, тынбай тұрды,
Жанған шоқтай оқ жаудырды.
Тарам-тарам тамырлардан,
Жетті тарап әмір жылдам.
Оққа оқпенен жауап кетті,
Жерді қатты дірілдетті.
Сым тамырлар оқтын-оқтын,
Салмағынан түскен доптың,
Үзіледі шыдай алмай,
Батарейге тіл бере алмай.
Сонда жігіт қан тамырлы,
Жалғастырып сым тамырды,
Жеңгізбеді оққа сырын.
Өшіргенше жаудың үнін,
Мадақтаймыз шын ерлерді:
Қан тамырлы жігіттерді!

1941


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қан тамырлар өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Қан тамырлар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қан тамырлар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қан тамырлар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері