Еркем-ай (1 нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Еркем-ай (1 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.04.2020
  • 0
  • 0
  • 4316
Адамнан артық ажар, ақыл айлаң,
Ажары ақ бетіңнің асқан айдан.
Адасқан аққу құстай болдым асық,
Айдындай ақ төсіме асылшы, айнам,

Қайырмасы:
Еркем-ай, Еркем-ай,
Би билесіп, ән шырқау—
Қызықтың ай-ай, қызығы-ай.

Аққу құс айдын көлде шомылғандай,
Лашын құс өз бойына қорынғандай.
Әніндей домбыраның дүрілдетіп,
Көк тұйғын қуға түсіп шошынғандай.

Қайырмасы:
Еркем-ай, Еркем-ай,
Би билесіп, ән шырқау—
Қызықтың ай-ай, қызығы-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері