Біз екеуміз

Бұл бетте «Біз екеуміз» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.04.2021
  • 0
  • 0
  • 842
Пейілім менің!
Мен мақтанамын сенімен!
Аллаға шүкір!, кездескен олар теңімен!
Ешқашан, ешбір ұялтқан жоқсың
Мені Сен, Бір де бір рет көрмедім алдап Сені Мен!
Сен және Мен — қай күні, қашан қауыштық?
Аңқаулау едік, көрінді кейде жау ыстық.
Жүректе Парыз, мойында Борыш — екеуміз,
Мінеки, бүгін алпысын ғұмыр тауыстық.
Ғасыр тұр алда, елім бар жолдан шаршаған
Сезімнен, сенім — айрылып қалды қанша адам
Келбеті — кісі, жүрегі - жылан, қан суып,
Кетер ме екен түлкі боп, қасқыр барша жан?
Жаратты қалай Адамды Құдай озалда?
Ізгіден қалай қорқаулар басып озарға?
Қаратып жатыр Атамның соққан сарайын,
Киілмей мейір-шапаны ана тозар ма?
Торықпа қартым, таусылма сонша, торықпа
Мен — Пейіл, шығайын шындап жорыққа!
Ғасырда жаңа аралап өңкей өтейін,
Тазартып өтем, қараулар жанын, қорықпа!
Басқаны қайдам, қазағың үшін қорықпа!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біз екеуміз өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Біз екеуміз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біз екеуміз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біз екеуміз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері