Болады ертең тас та құм

Бұл бетте «Болады ертең тас та құм» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 555
Болады ертең тас та құм,
Болады ертең күн қандай?
Өмір дегенің қас-қағым,
Көзіңді ашып-жұмғандай...
Арманнан туып бір арман,
Ер-аспан жерге тұр төніп.
Ұялып жүзді, ай ... тұманнан -
Бетіне перде бүркеніп.
Ғарышта құпия бір сыр бар,
Алыста - а - а, жұлдыз өшпеген.
Күзетіп жерді тұр шыңдар,
Бабамдай белін шешпеген.
Аунайды нұрын ай жанып -
Шетіне таудай кеменің.
Найзағайлардан найза алып,
Жорытып бір кетсем деп едім.
Көңілім дария, тұнық көл,
Келмейді түндей, түнергім.
Көзімді ашып үмітпен,
Үмітпен кірпік ілермін...
Мақтасын, мейлі, даттасын,
Жүрекке жалын, от керек.
Дүние-сарай, қақпасын -
Жаппайын “жұртқа” өкпелеп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Болады ертең тас та құм өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Болады ертең тас та құм өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Болады ертең тас та құм өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Болады ертең тас та құм өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері