Қысмет

Бұл бетте «Қысмет» атты Әсет Найманбайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.05.2019
  • 0
  • 0
  • 9292
Арғынмын, атым Әсет арындаған,
Арындап ән сала ма дарымаған?
Аспанның аясында ән шалқытқан,
Бұлбұлмын даусым көкте дамылдаған.

Көмекей көк қабысын әнмен ашсам,
Төгіліп меруерт-маржан сауылдаған.
Жорғамын, жортарманмын жұрттан озған,
Майдамын майда желіс мамырлаған.

Сарайым – сабам құям пісіп-пісіп,
Қойдырман ән қымызын ой кернетіп.
Сөз – жаңбыр, даусым – дауыл, әнім – ескек,
Ойнақтап басылатын аз желдетіп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қысмет өлеңінің авторы кім?

Әсет Найманбайұлы — осы өлеңнің авторы.

Қысмет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қысмет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әсет Найманбайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қысмет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар