Өлең, жыр, ақындар

Темір қақпа

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 623
Темір қақпа,
Темір жүрек, темір гүл,
Тоты құсқа айналғандай не бұлбұл.
Бұлбұлдан ән, гүлден иіс таба алмай,
Өзімді-өзім қажап оймен кемірдім.
Темір қалам, жылуы жоқ темір жыр,
Көңілімнің таппай қойды емін бір.
Жаңбырдан соң, жотасынан буы ұшып,
Жиі-жиі алатындай демін қыр,
Темір көлік, көшелерде зыр қағып,
Тиын көзді жылтыраған жүр бағып.
Жерге түсіп кетпес үшін жұлдыздар,
Аспаныма темір шеге тұр қағып.
Темір адам, көрмей өскен жоқшылық,
Темір жерден нәр алып тұр көк шыбық.
Соғылса егер, бір темірге бір темір,
Ортасынан кететіндей от шығып.
Темір жолдан, нені сезіп, не білдім,
Темір қиял, темір атты тебіндім.
Саңлау таппай темірлерден қоршаған,
Ет-жүрегім темір болмай жеңілдім
Өртейді өрт, өзегімді өмірге аш,
Табиғатым табиғатпен тамырлас.
Жетім жердің балқып-еріп дертіне,
Тамшылайды темір көзден темір жас.
Туатындай темір жүрек, темір жыр,
Темір жырға дей алмаймын көңіл бұр.
Өміріңді байлап темір орындық,
Жолың түспей қойды-ау маған сенің бір.
Темір жаңбыр, жұтып өсер темір гүл,
Көлеңкесін аңсайтындай көңіл күн.
О, бастағы табиғатын жоағалтқан,
Қайда апарып соғады екен өмір бұл?
Темір қақпа, тағар саған кім айып,
Сені ашуға темір адам ылайық.
Мына әлемнің қасіретті қайғысын,
Тербетіп тұр жалғыз жапырақ мұңайып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Біреу келіп өмірден біреу кетіп барады

  • 0
  • 0

Біреу келіп өмірден біреу кетіп барады,
Сусылдайды уақыттың толмай аппақ парағы.
Біреу ашқан қақпаны біреу мәңгі жабады,
Бәрін-бәрін бағады күндердің көз, қабағы...

Толық

Әкем үйге келгенде

  • 0
  • 0

Ауыл жақты көп сұрап,
Алдым білем тынышын.
– Бұрынғыдан жақсырақ,
деп кең алып тынысын.

Толық

Қабылдайсың, өзіңше дұрыс бәрін

  • 0
  • 0

Қабылдайсың, өзіңше дұрыс бәрін,
Таныс маған, құрысын, тырысқаның.
«Жапырақтар жел соқса ұрысады»,
Дегеніңе не дермін, «ұрысқағым»...

Толық

Басқа да жазбалар