Өткен күнің есіңе түсе ме шын – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Өткен күнің есіңе түсе ме шын» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 625
Өткен күнің есіңе түсе ме шын,
Таныс емес, көзіме түс, елесің.
Қайда барсам, жарбиып қарсы алдымда,
Күшігендей ісініп, күшенесің.
Жемтік іздеп, жүргенде ұйқың келмей,
Сені маған жұмсады сиқыр нендей?
Сені көрсем көзіме елестейді,
Көш соңынан жүгіріп ит үргендей...
Көзді алдаған, күшіген, тазқарасың,
Ұсақ түйек, өлексе, азғана асың.
Қанатыңды қалбайтып, қарқ қарқ етіп
Қалдығына қырғидың мәз боласың.
Ой салатын жердегі бар адамға,
Тартыс жатыр тағдырлы, қарағанға.
Тағы «тегін» олжаға кенелсем деп
Қыран жолын ториды қара қарға...
Тоқтататын мұны күш, шара бар ма?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өткен күнің есіңе түсе ме шын өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Өткен күнің есіңе түсе ме шын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өткен күнің есіңе түсе ме шын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өткен күнің есіңе түсе ме шын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері