Ана қайың

Бұл бетте «Ана қайың» атты Қанипа Бұғыбаева жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 840
Соққан желге жұлмалап, күйініп тұр,
Көкірегіне көз жасы құйылып бір.
Сынып түскен ақ қайың сабағына
Тіл қата алмай, дәрменсіз иіліп тұр.
Иіліп тұр, кеудесі нала құшып,
Жанарынан тамшылап жаралы шық.
Қайрылмастан қатыгез, қара жерге
Жапырағы жамырап барады ұшып.
Қайда кеткен,
кешегі сыршыл әні,
Өзегі өксіп, өртеніп, тұншығады.
Жаралы аққу зарындай сыңсығаны,
Ақ қайыңнан сыңсыған үн шығады.
Тал бойына біткен бе, көрік бекер,
Елжіретіп, көргенді еліктетер.
Пенде-ғұмыр, көгерген жапырақтай,
Кезегімен жарыққа келіп, кетер.
Барады жел, бұлбұлын, тонап айын,
(Алыстаған бұтағы баладайын)
Шағылысар көз жасы күн көзіне,
Махабатын әйгілеп ана қайың.
Ана қайың, ақ қайың иіліп тұр,
Табиғаттан тағдырлы күй ұғып бір.
Сынып түскен жапырақтың сабағына,
Жүрек нұры, жан жасы құйылып тұр.
Көп жатуға шыдамай, бұйығып бір,
Бұлтты түтер,
желден жіп иіріп қыр.
Сәбиіне қараған анаға ұқсап,
Сабағына ақ қайың иіліп тұр.
Жанарынан жапырақ-жас құйылып тұр...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ана қайың өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Ана қайың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ана қайың өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ана қайың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері