Шопанға

Бұл бетте «Шопанға» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.01.2018
  • 0
  • 0
  • 2224
Шаңырақтай көрінген мынау аспан,
Шертеді шопан жайлы мұра-дастан.
Тұлғаңнан көрем анық хас батырды,
Қабағынан мұз еріп, қырау басқан.
Әу баста тигеннен-ақ атқа аяғың,
Дала деген кеудеңде ақты ояу үн.
Сенің мынау момақан қойың түгіл,
Дауылдарды иірер ақ таяғың.
Ойыңнан өлмес өмір оты жанып,
Көрген жоқсың бір істен қапы қалып.
Бұлбұлды сайратасың қойыныңнен,
Жер-аспанды көгілдір сахна ғып.
Алдымнан белес-белес қыр домалап,
Бір сәтіңді сезінем жылға балап.
Бұлжытпай уақытты білесің сен,
Қолдағы сағатқа емес, күнге қарап!
Жанарға талай-талай жас парлатты,
Осынау тұрғызғанша баспалдақты.
Корабль дәл қасыма қона ма деп,
Бұл күнде шопан шолар аспан жақты!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шопанға өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Шопанға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шопанға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шопанға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері