Тыныштық сақшылары

Бұл бетте «Тыныштық сақшылары» атты Мешітбай Құттықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.05.2017
  • 0
  • 0
  • 2298
Бір тәулік «станциясын тыныштықтың»
Басқардым,
Телефоннан дыбыс күттім.
Бір тәулік шаршадым мен,
Келістіріп,
Арасын қиянат пен дұрыстықтың.

Береді адасса да маған хабар,
Береді таласса да маған хабар.
Көңілі маған айтса,
Жай табардай,
Тәрізді тасқыннан да аман қалар.

Жүгірем әділетті шырақ қылып,
Тыңдаймын айсыз түнде құлақ түріп.
Бір сенде ой-қиялым,
Бір сен үшін,
Келемін мен жанымды лақтырып.

Тағы да бір таң атты көз алдымда,
Қиыны,
Қызығы мен өз алдына.
Бастыққа «тыныштық» деп баяндадым,
Мен бүгін елден бұрын сөз алдымда.

Есігін тыныштықтың айқара ашып,
Таңменен арайланып,
Тұрдым тасып,
Азанғы түтінді енді көріп тұрмын,
Асыққан адамменен дидарласып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тыныштық сақшылары өлеңінің авторы кім?

Мешітбай Құттықов — осы өлеңнің авторы.

Тыныштық сақшылары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тыныштық сақшылары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мешітбай Құттықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тыныштық сақшылары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері