Жатайын – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Жатайын» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 954
Былай жүрсем —
Қаптаған
Алдау мен арбау.
Олай жүрсем —
Ұсақ-түйек,
Жұрнақ пен жалғау.
Былай жүрсем —
Апан мен шұңқыр.
Олай жүрсем —
Зар менен сүңқыл.
Қой болмас!
Суға батқандай
Өзіме өзім батайын —
Етімді құжынаған
Құрт біткен талап,
Сүйегімді көкпеңбек
Мүк басқанша жатайын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жатайын өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Жатайын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жатайын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жатайын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері