Шу асау - Өмір! – Мерей Қартов

Бұл бетте «Шу асау - Өмір!» атты Мерей Қартов жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 629
Шу асау-Өмір,
мойныңда кетті құрық күн,
Арқан айлардың
ұшынан ұстап сыр ұқтым,
Қарғып мінгенде
тарпаңнан тақым тайдырмай,
Жүген жылдардың,
тізгінін тартып тұрыппын.


Бас бермей маған,
әкеттің тау мен жыраға,
Тулаған өмір,
тізгінге көніп тұра ма?!
«Талса да тақым,
қалса да қолың қарысып,
Жабысып жалға,
жалғанда сірә құлама»


-деп Атам маған
жігер мен жалын құятын,
Құладым талай,
дуылдап бетте ұятым,
Тарланбозымның
тұяғы басқан кең өлке,
Жұдырықтай-ақ,
жүрекке шіркін сыятын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шу асау - Өмір! өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Шу асау - Өмір! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шу асау - Өмір! өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Шу асау - Өмір! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері