Қайдасыңдар, қайран достар, жанымның гүл шоқтары? –
Несіпбек Айтұлы
Бұл бетте «Қайдасыңдар, қайран достар, жанымның гүл шоқтары?» атты Несіпбек Айтұлы жазған достық туралы өлең берілген.
Қайдасыңдар, қайран достар, жанымның гүл шоқтары?
Қайдасыңдар, құрбыларым, жан-жүрегім жоқтады?
Мен қайдамын, таңертеңгі қайда шаттық күлкілер,
Бүгін неге қоңыр үнді қоңырауды соқпады?
Иә, мынау партам емес, аурухана төсегі,
Қайда күнім тай-құлындай асыр салған кешегі?
Шіркін, достар, назарыңнан мен қалайша тыс қалдым,
Жүрегімде басқаға емес, сендерге орын бос еді.
Көңілімнің көктемі еді алаулаған жүздерің,
Тас қабырға тіл қатпайды, мен сендерді іздедім.
Қайдасыңдар, қайран достар, кеттіңдер ме ұмтып,
Осындайда ойларыңа мен неліктен кірмедім?..
1967
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі