Көктем кеші

Бұл бетте «Көктем кеші» атты Темірхан Медетбек жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 935
Көкiректен, Өлең, саулап құйылшы!
Тәубә! Тәуба!
Қызықты осы бұйыршы.
Нұрын шашып,
Гүлiн шашып түстiктен
Көктем көшiп келе жатыр –
Сүйiншi!
Келе жатыр бiр жыл салып араға
Жаңғырып тұр жан-жүрек те, сана да!
Көктем көшiп келе жатыр қалаға,
Көктем көшiп келе жатыр далаға.
Көңiл-шiркiн құс боп көкке ұшады.
Ұмытпастан мұң мен қайғы құсаны.
Күмбiр-күмбiр үнге толы кеудесi,
Қызыл, сары гүлге толы құшағы.
Жеттiм бе деп бiреулер жүр «тобалап»
Қозы, қойын бiреулер жүр қоралап...
Аспан асты салдыр-гүлдiр
Бейне бiр
Кеткен-сынды бос күбiлер домалап.
Бұрқырайды буы шығып бөктердiң.
Сол бөктерге гүлдер төгiп кеткен кiм?!
Аспандағы ауыр қара бұлттар
Жүктерi мен теңдерiндей көктемнiң.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктем кеші өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Көктем кеші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктем кеші өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көктем кеші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері