Ерте қуарған ағаш

Бұл бетте «Ерте қуарған ағаш» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 535
Соған қарап мен
Сан ойлар торабында
Адастым:
Жапырағы желбіреп
Толысып толған
Бір топ ағаш ішінде
Тамыры суалған,
Бұтағы қуарған
Ағаш тұр.
Өзгелер үшін
Өзін өлімге қиып
Бейшара сол ағаш
Босқа күйді ме?!
Әлде күре тамыры
Жер астындағы
Тасқа тиді ме?!
Жоқ әлде,
Сол бір ағаштың
Өзегінде –
Көзге көрінбейтін!—
Өрт жанды ма?!
Жоқ болмаса,
Сол бір ағашты
Қайғыдай
Дерт шалды ма?!
Дәл қазір
Оның тағдырын
Көз алдыма
Ғапыл елестетем:
Сол бір ағаш
Тезірек отынға айналып
Отқа түсіп
Жанып кеткісі келген
Ағаштардың ішіндегі
Ақын емес пе екен?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ерте қуарған ағаш өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Ерте қуарған ағаш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ерте қуарған ағаш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ерте қуарған ағаш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері