Болашақ туралы – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Болашақ туралы» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1016
Бiреулер
«Болашағымыз нұрлы» деп
Лағып кетедi.
Сол сөздерiмен
Жүрегiңдi тiлшелеп,
Миыңды жаңғақтай
Шағып кетедi.
Олар – немене?! –
Болашақты барып
Көрiп келiп пе?!
Адамдардың тағдырын –
Таразылап! –
Бөлiп берiп пе?!
Құдайым-ау,
Болашақ дегенiң –
Белгiсiз! –
Қараңғы түнек,
Құрдым ғой.
Қайда алып барары белгiсiз
Ауызы үңiрейген
Үңгiр ғой.
Қайдағы нұрлы болашақ?!
Болашақтың
Тамыры мен жолдарын
Өз қолдарыңмен
Қиып жатқан жоқсыңдар ма?!
Болашақтың алдына
Лас, қоқыстарыңды
Тау қылып
Үйiп жатқан жоқсыңдар ма?!
Болашақты –
Құрсағыңда! –
Тұншықтырып жатсыңдар ғой.
Ауыл-үй арасы емес
Планетааралық
Ұрыс-жанжалдарды
Ушықтырып жатсыңдар ғой.
Қайдағы нұрлы болашақ?!
Аңғал адамзат баласы-ай,
Бәрiн де кеш ұғып,
Бәрiн де кеш бiлесiң!
Сондықтан
«Болашағымыз нұрлы» дегендi
Сендер айтпаңдар,
Жаратқан жалғыз құдай
Естiмесiн!
Күнә болады!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Болашақ туралы өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Болашақ туралы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Болашақ туралы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Болашақ туралы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері