Қара нөсер – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Қара нөсер» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 661
Көктем-ай!
Қара нөсердiң төккенi-ай!
Бүкiл бұлттарды
Осы жерге
Жиып жатқандай.
Төбемiзден суды –
Жаңбырмен емес –
Күбi, шелекпен
Құйып жатқандай.
Аспанның түбi
Тесiлiп кеткендей
Күрпiлдеп пiсiлiп жатқан
Сабалардың аузы
Шешiлiп кеткендей.
Қара нөсер –
Сел жүргендей! –
Таудың өзiне
Ауыз сап тұр.
Сарқыраған сулар –
Шөккен түйелердей
Жоталарды –
Қорқыратып! –
Бауыздап тұр.
...Сонау бiр қайыңның
Тұла бойынан
Су шүмектеп
Сорғалап тұр –
Қара нөсерде –
Баласын күткен анадай –
Жол қарап тұр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қара нөсер өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қара нөсер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қара нөсер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қара нөсер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері