Көлеңке жерде қалып бір қойған мұздақтай – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Көлеңке жерде қалып бір қойған мұздақтай» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 818
Көлеңке жерде қалып бір қойған мұздақтай,
Тымырайып қана тұрар еді-ау ол міз бақпай.
Сәлеміңнің өзін сызданбай алған күні жоқ,
Жүрегіңді сенің шымыр еткізе сыздатпай.
Бүрісе қалып бұралқы ит көрген кептердей,
Тіл қатқан емес кеміте күліп, кектенбей.
Инеліктей боп ілмиіп, ішін бермейтін
Атасының көрін Иманас қазып кеткендей.
Ұрғашыға да, құрбашыға да ұқсамай,
Күркетауықтың мекиені құсап түк самай.
Үніңнен үркіп, үдірейе қарап тұратын
Тоқсан жасында Тегеран барған чукчадай.
Санасып жатпай сақалы бар деп, мұртты деп,
Жусатып айдап иі жұмсақтау жұртты кеп,
Күн көрсетпейтін қызметі темен кісіге
Күшік күйеудей кішірейте сөйлеп, түрткілеп.
Жүргенде солай жанына торсық байлатпай,
Өтті де кетті тасыраң дәурен тайлақтай.
Алақан жайып аңырып қала беріпті
Көлі суалып, кемесіз қалған айлақтай.
Дұшпаны да жоқ, жоқ еді қимас досы да,
Кектене қарап, көлеңкесінен шошына,
Жынын алдырған бақсыдай болып жүр, дейді ел,
"Кезекті дүние, кезбе бақ" деген осы да!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көлеңке жерде қалып бір қойған мұздақтай өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Көлеңке жерде қалып бір қойған мұздақтай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көлеңке жерде қалып бір қойған мұздақтай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көлеңке жерде қалып бір қойған мұздақтай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері