Өмірім менің – Гүлманат Әуелхан

Бұл бетте «Өмірім менің» атты Гүлманат Әуелхан жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 03.02.2021
  • 0
  • 0
  • 1412
Жарқырап тұрған жақұтым ба едің,
Басыма қонған бақытым ба едің.
Сандалып бекер сағымды куып,
Өтіпті талай уақытым менің.

Адасып қалған арманым ба едің,
Арайлап атар таңдарым ба едің.
Бұлбұл бір ғұмыр бағында салған,
Құмарта шырқар таңғы әнім ба едің.

Көктемнің нұрлы шуағы ма едің,
Сезімнің кәусар бұлағы ма едің.
Жауабын таппай өмірдің тылсым,
Шешілмей келген сұрағы ма едің.

Үлбіреп тұрған үмітім бе едің,
Бақытқа құштар көңілім бе едің.
Атақтарға арзан бой ұрмайтұғын,
Елеусіз менің өмірім бе едің.
Өмірім менің…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмірім менің өлеңінің авторы кім?

Гүлманат Әуелхан — осы өлеңнің авторы.

Өмірім менің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмірім менің өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмірім менің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері