Шексіз сезім құшағында тербелдім – Гүлманат Әуелхан

Бұл бетте «Шексіз сезім құшағында тербелдім» атты Гүлманат Әуелхан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.02.2021
  • 0
  • 0
  • 1651
Шексіз сезім құшағында тербелдім,
Қиялымның әлеміне сен келдің.
Бозғылт тұман арасынан қол бұлғап,
Боз үміттің соңына еріп сенделдім.

Махаббаттың ұлылығын сезіндім,
Жаның шемен, тұнып тұрған көзің мұң.
Домбыраның әуеніне елітіп,
Шерге толы көңіліммен езілдім.

Ебіл-дебіл ақ жаңбырдай егілдім,
Жанымды жеп бара жатты жемір мұң.
Ұйықтап жатқан сезімімді оятып,
Көңілімнің терезесін сен ұрдың...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шексіз сезім құшағында тербелдім өлеңінің авторы кім?

Гүлманат Әуелхан — осы өлеңнің авторы.

Шексіз сезім құшағында тербелдім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шексіз сезім құшағында тербелдім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлманат Әуелхан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шексіз сезім құшағында тербелдім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері