Мен сені сағындым

Бұл бетте «Мен сені сағындым» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 944
Жұмекен аға,
Мен сені сағындым.
Өзің кеткелі
Сан рет өштім.
Сан рет жағылдым.
Сан рет ашылып,
Сан рет жабылдым...
Жұмекен аға,
Мен сені сағындым...
Бірге отырсақ та
Бөлек-бөлек отырғандай
Үн-түнсіз ғана
Ішетін едік...
Өзімізге өзіміз тығылып
Қилы-қилы ойларға
Түсетін едік.
Жұмекен аға,
Мен сені сағындым!
Ғұмыр бойы
Бір рет
Артық сөз айтпай-ақ
Шеріңді өлеңмен
Тарқатып едің...
Мен “Прима” сорсам,
Ал сен
Оқшантайдан оқ суырғандай
“Беломорды” суырып
Тартатын едің.
Сен ғұмыры
Ұсақталған емессің.
Тіпті —
Ең болмаса бір рет! —
Мені бауырыңа тартып
Құшақтаған емессің.
Тек бірер ғана
Тайыр Жароковтың
Кейіпкерінің атымен
“Балабас” деп
Арқамнан қаққаның бар.
Сонан соң
Қараптан-қарап отырып
Қалың бір мұңға
Батқаның бар.
Жұмекен аға,
Мен сені сағындым!
Мен қазір – өзімше! –
Жүрсем де ғалам боп,
Мына тұйықтан
Шығатын амал жоқ.
Жұмекен аға,
Бүгінде маған —
Арқамнан қағатын
Адам түгілі! —
Ұрсатын да адам жоқ.
Жұмекен аға,
Мен сені сағындым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен сені сағындым өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Мен сені сағындым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен сені сағындым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен сені сағындым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері