Нала – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Нала» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 738
Жерi құт қайнатқан,
Ошағы құрт қайнатқан;
Iбiлiсiңдi iреп,
Албастыңды
Алып ұрып жайратқан;
Бөрiгiн шекелеп киiп,
Осқыра қарайтын;
Шайқап төгiп,
Шалқалап iшетiн;
Сөйлесе –
Көмейi көрiктей керiлiп,
Ауызы астаудай толып,
Алқымы сабадай iстетiн
Еңсесi биiк
Ел болам деп ем!
Өркешi биiк
Ел болам деп ем!
Өзiмнiң қандастарым,
Үйрек жүндi оттастарым,
Қарға жүндi қаттастарым –
Бiреуi жағамнан,
Бiреуi балағымнан алды.
Қағыстым!
Алыстым!
Күн етем деп мен
Қараңғы түндi.
Өз сауысқандарым
Шықылықтап,
Өз қарғаларым
Қарқылдап күлдi.
Өз иттерiм
Арпылдап үрдi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нала өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Нала өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нала өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нала өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері